МТРА жаңалықтары

СҚО-да сүт фермасы бұқтырылған ет пен шұжық шығармақ

 

Ауыл шаруашылығы саласының тағы бір бағытын қолға алмақ! Есіл ауданына қарасты Заградовка ауылында 3 жыл бұрын ашылған “Заградовское” тауарлы-сүт фермасы ет өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінде шаруашылықта симментал тұқымды 760 тұяқты бар. Оның 430 басы сауылады. Әрқайсысы күніне орташа есеппен 26 литр сүт береді. Ал бұқалар арнайы бордақылау алаңында семіртіліп, 12 айлықтарында сойылады. Болашақта қара малдың етінен бұқтырылған ет, шұжық және жартылай фабрикаттар жасалмақ. Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдері ірімшік-май цехын ашуды мақсат етіп отыр.

Самал Жунусова