МТРА жаңалықтары

Өңірде есірткі сатқаны үшін 22 адам сотталған

Жыл басынан бері облыста есірткі сатқаны үшін 22 адам сотталған. Оның жартысынан астамы – 25 жастан аспаған жандар.

ЛЮФТ:

– Давайте снимем портфель. Понятые, наблюдаем. Свёрток в белой изоленте. – Что здесь находится? – Наркотики. – Что за наркотики? – Соль. 

Оңай олжа орға жықты. Синтетикалық есірткі сақтап және сатып жүрген мына жігіт енді біразға дейін тәртіп сақшыларының уысынан шықпайды. Ол заң бойынша жауапқа тартылды. Қолмен жасағанды мойынмен көтеру қажет.

Руслан Үмбетов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:
– Ағымдағы жылдың шілде айының соңында есірткі жасырған жастарға қатысты соттың 2 үкімі заңды күшіне еңді. Ақпан айында басқарма қызметкерлері жеке тінту кезінде Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғынынан «Альфа-пи-ви-пи» деп аталатын 397 грамм синтетикалық есірткі тәркіледі. 

Сот үкімін баян етейік. Әлгі жас жігіт 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы ақпан айында Петропавл қаласының тағы бір тұрғыны ұсталды. 22 жастағы қылмыскерден 5 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл да аса ірі мөлшерге жатады.

ЛЮФТ:

– Левый внутренний карман, достаём полиэтиленовый свёрток. 

Сот үкімі – 11 жылға бас бостандығынан айыру және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу. Жалпы, жыл басынан бері облыста зиянды заттарды сатқаны үшін 22 адам сотталыпты. Оның жартысынан астамы – 25 жастан аспаған жандар. Кезекті дерекпен бөлісейік. Биыл өңірде 100-ден астам түрлі есірткі қылмысы анықталған. Заңсыз айналымнан алынған ұнтақтың көлемі 333 келіні құрайды.

Гульден Симбаева