МТРА жаңалықтары

Сепаратистік әрекетке барған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Петропавл қалалық сотында сепаратистік әрекетке барған ерлі-зайыптыға қатысты үкім шықты. Олар өткен жылдың соңында облыс орталығы мен Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосу қажеттігін ашық айтып, видео түсірген. Кейін жазбаны әлеуметтік желілер мен “YouTube”-қа жүктеген. Жұбайлардың бұл ісі Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға үндеу болып табылады. Аңдамай сөйлеген жұптың үстінен Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Нәтижесінде ерлі-зайыпты темір торға тоғытылды.

АЛМАС ЖҰМАҒАЗИН, Петропавл қалалық сотының судьясы
– Ерлі-зайыптының әрқайсысы 5 жылға сотталды. Бұл осы бап көздейтін ең төменгі жаза. Сотталушылар өз кінәларын мойындамады. Оларға ешбір тараптан қысым көрсетілмеді. Істің барлық мән-жайлары ескерілді және объективті түрде қаралды.

Алдияр Айтпаев