МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы 338 көпқабатты үй жылыту маусымына әзір

Қазір нағыз шана сайлар шақ. Жаймашуақ ауа райын пайдаланып жеке тұрғын үй секторында тұратын адамдар отын мен көмір алуда. Ал орталық жылыту жүйесіне қосылған көпқабатты үйлердің тұрғындары құбырларды жуып-жаю жұмыстарын жүргізуде. Бұл – Амангелді көшесіндегі 60-шы баспана. Мұнда маңызды шаруа түскі 2-де бастау алды

АЙСҰЛУ ТӘУКЕЛОВА, “СҚО Амангелді 160” МИБ төрайымы
– Өткен жылы тұрғындар жиналып, бойлерді толық ауыстырдық. Биыл жылыту желісінде ешқандай ақау жоқ. Дегенмен, құбырларды жуып-шаю жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл – маңызды шаруа. Іске тұрғындар аса жауапкершілікпен қарайды. Негізі, алдағы қауырт маусымға дайындықты өткен жылыту кезеңі аяқтала салысымен бастадық.

Бүгінде жылыту маусымына қаламыздағы көпқабатты үйлердің 28% пайызы дайын. Яғни, Петропавлдағы 1115 нысанның 338 жұмыстар жүргізілген, тиісті паспорт берілген. Айта кетейік, аталған шаруа қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы
– Өткен жылы жылыту маусымына көпқабатты үйлердің 97% дайын болды. Көпқабатты үйлер тұрғындардың иелігінде болғаннан кейін жылыту маусымына олар өздері дайындалу керек. Яғни, өткен жылғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ОСИ, КСК төрағаларымен бірге жиын өткізіп, алдағы қауырт маусымға дайындықты пысықтаулары тиіс. Тиісті жұмыстарды тұрғындар өз қаражаттарына жасайды.

Қазіргі таңда қаламызда жылыту жүйелері мен құбырларды жуып-шаюмен айналысатын 10-ға тарта ұйым бар. Олардың әрқайсысы күніне 2 үйге қызмет көрсете алады.

Алдияр Айтпаев