МТРА жаңалықтары

Арнайы қызметтердің көліктеріне жол беру қажет

Шақырту орнына асыққан өрт сөндіру, жедел жәрдем және өзге де қызметтердің көліктеріне жол беру қажет. Бірақ, кейбір жандар бұған немқұрайлы қарайды. Осының салдарынан түрлі жайттар орын алады. Мысалы, жыл басынан бері облыс орталығында арнайы қызмет өкілдері тізгіндеген автокөліктерінің қатысуымен 3 бірдей апат болған. Мұның алдын алу үшін полицейлер мен өрт сөндірушілері рейд өткізуде.

Мақсат – арнайы автокөлікке басымдық бермейтін жүргізушілерді анықтау. Жоспарға сай жарқылдақ маягі іске қосылды, сирена ойнады. Мұндайда темір тұлпар иелері арнайы көлікке жол беруі қажет.

ЛЮФТ:

– Водители на перекрестке! Пропускаем пожарный автомобиль. Вниманию водителей!

Ережеге бағынбағандар жазаға тартылады. Нақтырақ айтсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы бойынша бірден жазаланады. Яғни, ескертусіз айыппұл арқалайды.

Асхат Құрмашев, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы
– Бүгін Петропавл қаласында арнайы рейд өткізілді. Рейд барысында жүргізушілер арнайы көліктерге жол беруге тырысты. Егер жол берілмесе, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушіге айыппұл салынады. 

Айыппұлдың көлемі 7 АЕК құрайды. Егер жүргізуші бір жылдың ішінде осындай бұзушылыққа қайта жол берсе, салынатын айыппұл 15 АЕК дейін өседі.

Гульден Симбаева