МТРА жаңалықтары

СҚО-да апат қаупі жоғары жолдардың картасы құрылды

 

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосібір бағытындағы тас жолдың 200 шақырымға жуық жері қиындау болып саналады. Қиындығы оның жол-көлік апаттарының болуында. Осы аумақта жыл басынан бері 13 апат болып, 3 адам қаза тапқан, 29 адам жарақат алған.
Жол-көлік оқиғалары көп жағдайда жылдамдық асыру, аралықты сақтамау және жүргізушінің қалжырап отыруының салдарынан туындайды. Осы ретте өңір полицейлері апат қаупі жоғары жолдардың картасын құрды.
Онда күрделі деген 14 аумақ көрсетілген. Биыл облыстағы республикалық маңыздағы жолдарда барлығы 40-қа жуық көлік апаты тіркелді. 11 адам қаза тауып, 83 адам түрлі дене жарақатын алды. Тәртіп сақшылары жолға шыққан жүргізушілерге тиісті ережелерді сақтау қажеттігін қаперге салады.


Гульден Симбаева