Мәдениет

«Sensitive» би театрының өнерпаздары финалға дайындалып жатыр

 

Ертең Калифорния штатындағы Анахайм қаласында орындаушылық өнер түрлерінің дүниежүзілік чемпионатының финалы өтеді.

Күні кеше ғана әлемдік доданың соңғы сынына өткен «Sensitive» би театрының әртістері қазіргі уақытта қызу дайындық жүргізіп жатыр.
Жергілікті ұжым жаһандық жарыста 3 бірдей би билейді. Өнер сайысына әлемнің 72 елінен 3 мың өнерпаз қатысуда. Солтүстікқазақстандық делегация құрамындағы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдiрейісов МТРК ұжымымен байланысқа шығып, ертеңгі маңызды күнге дайындық барысын баян етті.

Досбол Әбдiрейісов, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
– Финал ертең сағат 19:00-де жергілікті уақытпен бастау алады. Қазақстанмен бірге финалға АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, Тайланд, Канада мен Германия елдерінің өкілдері де өтті. Қазіргі уақытта біздің «Sensitive» би театры ертеңгі финалға дайындалуда. Бізбен бірге болыңыздар.


Дана Ешкенова