МТРА жаңалықтары

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту

Қазіргі жаһандану дәуірінде отбасылық құндылықтар жоғалып бара жатыр. Әсіресе, жастардың дені отбасылық қарым-қатынас мәселесінде сауатсыз келеді дейді елордалық мамандар.
Қазіргі уақытта ел көлемінде «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту» атты әлеуметтік жоба қолға алынған. Оның аясында білікті отбасылық психологтар онлайн және оффлайн түрде консультациялар өткізеді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында саналы ата-ана болу жайында іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.


Самал Жунусова