МТРА жаңалықтарыМәдениет

«Sensitive» би таетры финалға өтті

 

Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген жергілікті «Sensitive» би театры әлемдік додада финалға шықты. Орындаушылық өнер түрлерінің дүниежүзілік чемпионаты осы күндері АҚШ-та Калифорния штатындағы Анахайм қаласында өтіп жатыр.
Өнер сайысына әлемнің 72 елінен 3 мың өнерпаз қатысып жатыр. Финалға солтүстікқазақстандықтардан бөлек АҚШ, Ирландия, Франция, Австралия, Тайланд, Канада мен Германия елдерінің өкілдері де өтті. Бұл дода шілденің 31-іне дейін жалғасады.


Гульден Симбаева