МТРА жаңалықтары

Есірткі жасап келген 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды

Петропавлда есірткі зертханасы анықталды. Синтетикалық есірткі жасап, оны сатты деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оны құрықтау барысында өзімен бірге 8 полимерлі зат болған. Үйінен тағы 52 бума табылған. Сараптама жұмысы барысында оның ішіндегінің “спайс” деген атаумен белгілі синтетикалық есірткі екені анықталды. Сондай-ақ, сол үйден наша жасауда пайдаланылған түрлі құрал-жабдықтар тәркіленіп алынды.ЛЮФТ:

– На верхней полке обнаружено: респиратор… профессиональный, одноразовые маски, термометр, вещество – растворитель, мерная колба, ювелирные весы.

Күдіктінің айтуынша, есірткіні ол өзі пайдалану үшін сақтаған. Жігіттен тәркіленіп алынған зиянды дүниенің көлемі 200 дозаға жуықтайды. Жалпы салмақ – 8 грамм. Бұл аса ірі көлемге жатады.

Рахат Нұрахметов – қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы

– Аталған факті тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК 297-ші бабы 3-ші бөлігі 3-ші тармағы бойынша сараланды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат ҚР ҚПК 128-ші бабымен қамауға алынды.

Ұсталған 20 жастағы жігіт 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмүкін. Биыл облыста есірткі өткізуге қатысты 45 факті тіркелді.
Заңсыз айналымнан 333 келі түрлі есірткі тәркіленіп алынды. Оның 1,5 жарым келіден астамы – синтетикалық түрі.


Данаш Хамзина