МТРА жаңалықтары

Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

 

Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай қайтару жұмысы жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 6 айында пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген 904 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Өткен жылы 430 мың гектар аумақ бері қарай өткен. Ведомствоның мәліметінше, жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатында іске жаратылмаған 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Осы ретте айта кетейік, биыл 1 млн 517 мың гектарды қамтыған 600-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліпті. Тағы 680,9 мың гектар жерге қатысты 57 материал Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр. Қайтарылып алынған жерлер өзге агросектор өкілдеріне пайдалануға беріледі.


Дана Ешкенова