МТРА жаңалықтары

Алдын алу жұмыстарының жаңа тәсілі

Өңір полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуда жаңа әдіс-тәсілге көшті. Мамандар YouTube желісіне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» трассасында апаттылығы жоғары жол учаскелері туралы бейнеподкаст түсіріп, жүктеуде.

люфт
– Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының тас жолдарында 127 жол-көлік оқиғасы орын алды. 19 адам қайтыс болып, 190-ы зардап шеккен болатын. Дәл қазір біз Нұрсұлтан-Петропавл тас жолында тұрмыз. Ондағы орнатылған макеттердің маңыздылығын полицейлерден білетін боламыз.

Бұл – Аралағаш ауылының тұсы. Осы аралықтан жануарлар жиі өтетіндіктен апат болу қаупі жоғары көрінеді. Бұл жерге «Малды айдап өткізу» белгісі орнатылған. Тағы алыстан келе жатқан жүргізушілердің назарын аударту үшін сиырдың үлкен макеті қойылыпты.

ЛЮФТ:

– Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Жануардың қатысуымен. Жылқы орнында мерт болды. Жүргізушінің көлігі жарамай қалды.

Түнделетіп келе жатқан көлік жылқыға келіп соғылған. Жүргізуші аман, жылқы мерт болды. Бұндай жағдайларды болдырмау үшін жол белгілеріне назар аударып, тиісті жол учаскелерінде жылдамдықты азайту қажет.
Жол жиегінде жануарлардың ғана емес, балалардың да макеті қойылған. Сондай-ақ, жылдамдық өлшейтін элктронды табло орнатылған.

Раиль Галиев – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы
– Бүгінгі іс-шаралар көлік құралдарын басқаратын жүргізушілердің назарын аудартуға бағытталған. Оларды жол жүру қағидаларын қатаң ұстануға, яғни, жылдамдық режимін, көлікті басып озу, қарсы бағытта келе жатқан көліктің маңынан өту, маневр жасау ережелерін сақтауға шақырамыз.

Жалпы, жыл басынан бері облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда 24 жол-көлік оқиғасы болған. 8 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды.


Самал Жунусова