Спорт

Владимир Витченко Грузиядағы турнирдің бас төрешісінің орынбасары атанды

Өткен демалыс күндері Грузияда каратэден”2nd open Caucasus cup” халықаралық турнирі өтті. Жаһандық жарысқа Армения, Грузия, Түркия және Қазақстан елдерінің спортшылары қатысты. Байрақты бәсекеде халықаралық дәрежедегі төреші жерлесіміз Владимир Витченко турнирдің бас төрешісінің орынбасары қызметін атқарды. Дода барысында ол төрешілердің қатысуымен семинар өткізді. Айта кетейік, солтүстікқазақстандық азаматтың мұндай іс-шаралардан мол тәжірибесі бар. Шеберлігін шыңдап жүрген маман 2017 жылы Жапонияда өткен абсолютті әлем чемпионатында арнайы оқытудан да өткен екен.


Алдияр Айтпаев