МТРА жаңалықтары

Вагулино тұрғындары ауылдарын көркейтіп жатыр

 

Еріктілер, зейнеткерлер және жергілікті кәсіпкерлер үйлердің қасбетін бояп, маңайын жинап, ретке келтіріп жатыр.
Бұл – Қызылжар ауданындағы Вагулино ауылы. Еңбектеніп жатқан азаматтарды бояу және трафарет сияқты қажетті құрал-жабдықпен қамтушы – «Вагулинское СК» серіктестігі. Ауылды көріктендіру ісі – облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған «Біздің ауыл» жобасының жалғасы. Негізі, Вагулинода 600-ден астам адам тұрады. Осындай абаттандыру шаралары ауданда Вагулиномен қатар тағы 4 ауылда жүріп жатыр.

Самал Жунусова