МТРА жаңалықтары

“Солнечный-2” шағын ауданындағы жаңа көшелерге атау берілді

 

Шаңырақ, Ынтымақ пен Сарыарқа. “Солнечный-2 шағын ауданындағы жаңа көшелерге атау берілді. Шешім қоғамдық кеңестің кезекті тыңдалымында қабылданды.

ӘЛИЯ БЕЙСЕНОВА, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
– Петропавл қаласының әкімдігіне “Солнечный-2” шағын ауданындағы жаңа көшелерге атау беру туралы 4 өтініш келіп түсті. Ағымдағы жылы 8-ші шілде күні қаладағы аудандарға, қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру және өзгерту жөнінде отырыс өтті. Жиында өтініштер қаралды. Нәтижесінде “Солнечный-2” шағын ауданындағы көшелерге келесідей атау беру ұсынылды.

Сөз Солнечный кентіндегі 16 көше жайлы. Жиында ұсынылған көше аттарын депутаттар бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, басқосуға қатысушылар бұл жайлы өз ойларын да білдірді.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары
– Ұсынылған көше атаулары арасында бірде-бір адамның есімі жоқ. Яғни, көшелерге кісі аттарын берген жоқпыз. Себебі, бұл аудан қаланың шетінде орналасқан. Ертең тұрғындар тарапынан түрлі жағымсыз пікірлер туындауы мүмкін. Сондай жайт туындамас үшін мәселені біз егжей-тегжейлі талқылап, шешім қабылдадық.

ГРАФИКА
“Солнечный-2” шағын ауданындағы көшелерге берілген атаулар:

Шаңырақ Шабыт Достық Ұлытау

Ынтымақ Думан Көктерек Отбасы

Саяхат Аққайың Татулық Жарқын

Баянды Қайнар Сарыарқа Орда

Алдияр Айтпаев