МТРА жаңалықтары

QULAN коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды

Қазақстан Ұлттық Банкінде «QULAN» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды.

Монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады. Мельхиор мен нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың аверсі мен реверсіндегі бейнелер бірдей. Монета аверсінің оң бөлігінде аңдар мен өсімдіктерден коллаж, жиегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, сол жағында ҚҰБ-тың тауар белгісі бейнеленген және соғылған жылын білдіретін «2021» деген жазу бар. «Рrооf-like» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан дайындалған монетада «200 TEŃGE» номиналы, «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монетада «100 TEŃGE» жазуы басылған.


Дана Ешкенова