МТРА жаңалықтары

Петропавлда сыраға масайып алған жасөспірім анықталды

 

Полицияға аулада жасөспірімдер жиналып алып ішімдік ішіп отыр деп қала тұрғындарының бірі хабарласқан. Тексеріс барысында 14 жастағы баланың масаң күйде екені анықталды. Жасөспірім жаттығудан шықан соң сыра ішкен.

ЛЮФТ:
– А зачем ты тогда глоток пива делал? А родители знают, что ты после тренировок пошёл гулять? 

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жұмыста болған. Мамандар жасөспірімнің тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізіп, ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Константин Петров, қалалық ПБ ЖПҚБ бөлімше бастығының міндетін атқарушы
– Жаз кезінде біз рейдтік іс-шараларды күшейтеміз. Жасөспірімдер түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көше кезеді, ойын-сауық орталықтары, дәмханалар мен компьютерлік клубтарда көп отырады. Осы ретте айта кетейін, кәмелетке толмағандар сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерсіз жүрген жағдайда әке-шеше­сіне ҚР ӘК 442-бабы 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылады. Ересектерге 3 АЕК көрсет­кіш көлемінде айыппұл салынады. 

Петропавлда жасөспірімдердің ішімдік ішу жағдайлары жиілеп барады. Биыл облыс орталығында спирттік өнім тұтынған 40 бала анықталыпты. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 426 заңды өкіл жауапқа тартылған. Түнде жасөспірімдердің кіруіне рұқсат еткен 12 ойын-сауық орнының иелеріне айыппұл салынды.


Дана Ешкенова