МТРА жаңалықтары

Құйылған инвестиция көлемі

16,9 млн доллар. Солтүстік Қазақстан облысына шетелдік инвесторлар биылғы жылдың І-ші тоқсанында осынша көлемде қаржы құйған.

Ұлттық Банктің деректері бойынша, шетелдік қалталы азаматтар ағымдағы жылдың І-ші тоқсанында ел экономикасына 6,8 млрд доллар салған. Бұл сома 2017-мен салыстырғанда 1,3 млрд долларға немесе 24,4%-ға көп.
Өңірлер арасында инвестиция Атырау облысына көп құйылған.
Аталған аймаққа тартылған қаржы көлемі – 2,4 млрд доллар. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар мен Ақтөбе облыстарында да негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өскен. Бұл көрсеткіш Ақмола, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында төмендеу болып тұр.


Дана Ешкенова