МТРА жаңалықтары

Қала тұрғыны экзотикалық құс өсірумен айналысады

 

Күркетауық, қырғауыл, үйрек пен тауықтың түр-түрі. Құдды бір құстар әлеміне түскендей әсер аласың. Бұл – қала тұрғыны Ирина Фишбухтың үйінің ауласы. Құстардың қасында камерундық ергежейлі ешкілер де жүр.
Ирина жарты жылдан бері осы жануарларды күтіп-баптаумен айналысады. Әрқайсысының тұқымын сатып алыпты. Біреуін жергілікті жерден тапса, біреуін Алматыдан алып келген. Бұл іс бала кезгі арманы екен.

ИРИНА ФИШБУХ – қала тұрғыны
– “Өте белсенді өмір салтына үйреніп қалған адаммын.
Жұмыста көп уақыт өткіземін. Егер карантин болмаса, мен әлі күнге дейін учаске сатып алуды кейінге қалдырып жүрер едім. Осы індет кезінде жұмыс тоқтап, телефондар үнсіз қалды, төрт қабырғаға қамалдық. Мұның бәрі арманымды жүзеге асыруға итермеледі”.

Карантин кезінде Иринаға аядай пәтерден кең жер үйге көшу туралы ой сап ете қалады. Кең жерде неге құс өсірумен айналыспасқа? Құс дегенде қандай – сирек кездесетіндері. Содан 20 жыл бойы күтімсіз тұрып, сұрқы қашқан 2 қабатты үйдің еңбектеніп жүріп көркін ашады. Арамшөбін жұлады,
үйді қырлап-сырлап, құс тұратын жер әзірлеген.

Люфт:

– «Вот это марана которые несут «пасхальные» яицо. Они такие крупные птички, здесь их 2 поколении, эта курочка постарше остальные помладше»

Әр құстың ерекшелігіне сай өзіндік күтім керек дейді Ирина. Мынау – жібек тауығы. Ол басқаларынан өзгеше екен. Түр-тұлғасы, қауырсынымен ерекшеленеді. Мінезді емес, жұмсағырақ келген құс. Қанаттылардың өнімдерін иелері өздері тұтынады.

Гульден Симбаева