МТРА жаңалықтары

СҚО-да көлік апатынан 1 адам қаза тапты

СҚО-да жол-көлік апаты болып, 1 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға “Челябі-Новосібір” тас жолының 645-ші шақырымында орын алды. Қарақоға ауылының маңынан өтіп бара жатқан “Toyota Land Cruiser” автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан ресейлік “Toyota Corolla” маркалы машинаға соғылған. Апаттың салдарынан соңғы аталған автокөлікте отырған жолаушы сол жерде көз жұмды. Марқұм – Ресей елінің азаматшасы. Қайтыс болған әйелдің 7 жасар баласы қазір ауруханада жатыр. “Toyota Land Cruiser” автокөлігін тізгіндеген М.Жұмабаев ауданының тұрғыны масаң күйде болған. Аталған факті ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 35 жастағы ер адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге, ол үйқамаққа алынды.


Дана Ешкенова