Мәдениет

«Sensitive» би театры АҚШ-та өнер көрсетіп жатыр

 

«Sensitive» би театры – әлемнің түкпір-түкпірінде еліміздің атын шығарып жүрген жергілікті өнер ұжымдарының бірі. Ерекше талантты жерлестеріміз қазір АҚШ-та өнер көрсетіп жатыр.
Калифорния штатындағы Анахайм қаласында Орындаушылық өнер түрлерінің дүниежүзілік чемпионаты өтіп жатыр. Шетелде жалауын желбіреткен өнер сайысына әлемнің 72 елінен 3 мың қатысушы барыпты. Солтүстікқазақстандық өнерпаздар аталған додаға бірнеше жыл бойы дайындалған. Чемпионат шілденің 31-іне дейін жалғасады.


Гульден Симбаева