МТРА жаңалықтары

Ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға жеңілдетілген несие беріледі

Елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы биыл іске қосылады. Бұл жайында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәлім етілді. Соның ішінде лизингтік қаржыландыруға ақша бөлу мәселесі де талқыланыпты. Бұған дейін ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бағдарламасын іске асыруға 3,5 млрд теңге қарастырылғаны белгілі болған еді. Микширлеуді ескере отырып, лизингтік қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске қосу ағымдағы жылдың III-IV тоқсанына жоспарланып отыр.


Бердимурат Баймухан