МТРА жаңалықтары

СҚО-ғы ет өңдеушілердің жартысы банкротқа ұшырады

“Атамекен” кәсіпкерлер палатасы мамандарының мәліметінше соңғы 5-7 жыл ішінде өңіріміздегі ет өңдеушілердің саны екі есеге қысқарыпты. Мұны кәсіпкерлердің өздері былай деп түсіндіруде. Айтуларынша, шетелден келетін тауарлар мен отандық өнімнің сапасы бірдей тексерілмейді. Яғни, өзгелерге жеңілдіктер жасалса, өзімізге бақылау тым қатал. Салдарынан жергілікті тауар өндірушілері уақытында өнімдерін өткізе алмай, банкротқа ұшырап жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден келетін еттің көлемі тым көп екен.

Евгений Золотарев, СҚО КП АӨК комитетінің төрағасы:

– Көктемде «Атамекен» орталық аппаратының және өңірлердің қатысуымен өткен кеңестердің бірінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша $4,9 млрд-қа импорттық азық-түлік сатып алғанымыз жайлы айтылды. Бұл қомақты соманы біз өзіміздің ішкі азық-түлік нарығымыздан бөліп алып, басқа елдердің өндірушілеріне береміз. Бүгін барлығымыз сыртқы факторлардың әсерінен азық-түлік бағасының өсуіне тап болдық. Отандық өндірісті қолдау мен дамытудың уақыты келді.


Бердимурат Баймухан