МТРА жаңалықтары

СҚО-да 101 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күші жойылды

Өңірде Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен 101 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күші жойылды.
Бұл шешім жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарға қатысты. Негізі, облыс аумағында ресми түрде 11 мыңға жуық заңды тұлға бар. Оның 97,6%-ы шағын кәсіпкерлік болып саналады. Аталған субъектілерде 100-ге тарта адам еңбек етеді. Салалық құрылымда көтерме және бөлшек сауда, автомобиль жөндеу, ауыл, орман және балық шаруашылығы, білім нысандарының алатын үлесі көп. 9 мыңнан астам заңды тұлға жұмыс істеп жатыр, оның 62,6%-ы белсенді, 28,6%-ы уақытша белсенді емес, қайта тіркелгені 8,9%-ды құрап отыр. Білім, қаржы және сақтандыру қызметі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, жылжымайтын мүлік бағыты, өнер саласындағы басшылардың дені әйел адамдар.


Данаш Хамзина