МТРА жаңалықтары

Өткен жылы 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған

Жыл сайын Мемлекеттік басқару академиясында әрбір 3-ші мемлекеттік қызметші оқытудан өтеді. Мәселен, былтырғы жылы 3100 солтүстікқазақстандық маман шеберлігін шыңдапты. Статистикаға сүйенер болсақ, бұл – өңірдегі барлық мемлекеттік қызметшілердің 76%-ы. Енді білім алу және оны беру процесіне тоқталайық. Оқуды бастамас бұрын әр азаматтың мемлекеттік тілді білу деңгейі тестілеу арқылы тексеріледі. Бұл – оқыту ұйымындағы басты талаптардың бірі. Сондай-ақ, филиал өкілдері мамандардың бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеуіне де баса назар аударуда. Ол үшін арнайы жүйе құрылыпты. Жалпы, қайта даярлау-оқыту жоспары 5 модульден тұрады.

ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚОФ директоры
–  1-ші блок стратегиялық менеджмент пен көшбасшылық деп аталады. Екіншісі – цифрлық үкімет жобасы. Содан кейін тиімді коммуникациялар мен аймақтық компонент бар. Бұлардың барлығынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшінің осы уақыт аралығында не нәрсені үйренгендігі тексеріледі. Яғни, маман өзінің жобалық жұмыстарын қорғайды. Оқуды аяқтағаннан кейін азаматтарға сертификат беріледі.


Алдияр Айтпаев