МТРА жаңалықтары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шектік бағалары бекітілді

Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітуді қаулы етті. “Ашық НҚА” порталында жарияланған бұйрық тамыздың 2-сіне дейін қоғамдық талқылауда болады. Осы ретте бірнеше тауар құнына тоқталайық. Енді майлылығы 2,5% болатын жұмсақ орамадағы айран 272 теңгеден, картоптың келісі – 167, ал пияздың келісі 175 теңгеден саудаланбақ.


Алдияр Айтпаев