МТРА жаңалықтары

Бал жинау процесі

Мамлют ауданындағы қарақұмық алқабы. Жақын маңда түрлі түсті омарталар құрылған. Олардың иесі Олег Гаврилов аралар берген өнімді бағамдап жатыр. Гүлді өсімдіктерден, әсіресе, алма, шие және бақбақ гүлінен алынған бал аса пайдалы. Тәжірибелі омарташы тәтті дүниені бірден тұтас сатып жібермей, жәндіктерге қорек ретінде қалдырады екен.

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
–  «Пасека-Қызылжар» омарташылығында биыл 300-ден аса бал ара жанұясы бар. Әрбіреуінде 70-80 мыңға тарта жәндік болады екен. Бір маусымда әр жанұядан 50 мен 100 келіге дейін бал жиналады.

Аралардың арасында тұрғанда шағып ала ма деп үрейленесің. Алайда, мамандардың айтуынша бұл карника тұқымды бал аралары «байсалды» болып келеді. Тек тез қимыл жасаудың қажеті жоқ, дейді Сергей Ведерников. «Пасека-Қызылжар» омарташысы бізге балды ұялардан алу процесін көрсетті.


– Сейчас мы будем откачивать мед. Убираем крышку, немного даем дыму, что бы успокоить пчел. И после достаем рамки. Это запечатанный мед. А здесь еще не запечатанный. Но так как он уже зрелый мы его отбираем.

Кейін оны осындай арнайы қондырғыға салып, балды ағызады. Дайын өнім өңірдегі дүкендерге жөнелтіледі.

Өңірде омарташылардың қауымдастығы бар. Ұйымға 250-ге жуық іскер жан мүшелік етеді. «Пасека-Қызылжар» омарташылығында дәл қазір 5 адам еңбектеніп жатыр. Олар аралар осы қарақұмық гүлінің нәрін жинап болғаннан кейін басқа жерге ауысады. Мамандар қосқанаттыларды тамыздың ортасына қарай күнбағыс ортасына жіберуді жоспарлап отыр.

Олег Гаврилов, СҚО омарташылар қауымдастығының төрағасы:
– Былтыр балдың шамамен 12 тоннасын жинадық. Сонымен қатар, гүл тозаңы бар бал шығарамыз. Ол иммунитетті нығайтады, түрлі ауруға шипа болады. Дайын өнім облыстағы дүкен-супермаркеттерде саудаланады.

Егістік алқаптарына тыңайтқыш пен түрлі өсімдік ауруына қарсы химиялық өнімдер себілетіні белгілі. Оның ізімен бал терген ара қырылып қалуы мүмкін. Осының алдын алу мақсатында омарташылар аграрийлермен тығыз байланыс орнатқан.


Самал Жунусова