Денсаулық сақтау

Үкімет дәрілік заттарды цифрлық таңбалау тарифін бекітті

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тарифі бекітілді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында дәрілік заттарды таңбалау тарифін 2,4 теңге мөлшерінде белгілеу туралы қаулыға қол қойды. Дәрі-дәрмектің цифрлық таңбалануы азаматтарды контрафактілік дәрілерден қорғайды, кәсіпкерлерге бәсекелестік жағдайды теңестіруге, нарықты заңсыз өнімдерден және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Мемлекет үшін тауар топтарын цифрлық таңбалау көлеңкелі экономика көлемін азайтып, бюджетке түсетін салық түсімдерін арттырады. Қазақстанда таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі.


Дана Ешкенова