МТРА жаңалықтары

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Алдағы уақытта еліміздегі мерекелер мен демалыс күндер күнтізбесі тағы бір айтулы датамен толықпақ.

Дана Сәлімқызы
– Тұрғындарды тәулік бойы жылумен, жарықпен, сумен қамтамасыз етіп, көшелердің тазалығын қадағалап отыратын жандардың төл мерекесі пайда болмақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мереке енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі.

Осы ретте тарихқа шолу жасап өтсек. Кеңес Одағы кезінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтілген екен. Ол шілденің төртінші жексенбісіне келіп отырған. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресейде, Беларусь, Украина мен Өзбекстанда аталып келген көрінеді.
Енді Қазақстанда да күнтізбеге қайта енгізілуі мүмкін. Мереке күні ретінде 16 сәуір белгіленбек. Әзірге, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген құжат жобасы тамыздың 2-сіне дейін қоғамдық талқылауда болады. Бұл ретте қала тұрғындарының пікірін білуді жөн көрдік.

Дана Ешкенова