МТРА жаңалықтары

Қазақстанда өлім-жітім көбейген

 

Қазақстанда өлім-жітім көбейген. Елде өлім-жітім коэффиценті 2009 жылдан бері төмендеген болатын. Алайда, бұл көрсеткіш соңғы үш жыл ішінде өсіп, мың адамға шаққанда 9,61 пайызға дейін жетті.

Өңірлер арасында өлім-жітім Солтүстік Қазақстан облысында көп. Бұл статистикалық көрсеткіш өңірде мың адамға шаққанда 15,58 пайызды құрап отыр. Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында да жағдай мәз емес. Өкінішке қарай, Қазақстанда нәресте өлімі де көбейген. Оның жалпы коэффициенті дүниеге келген мың шақалақтың 8,44 пайызын құрайды. Бұл – соңғы 5 жылда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.


Дана Ешкенова