МТРА жаңалықтары

Есірткімен ұсталған 20 жастағы петропавлдық бас бостандығынан айырылды

20 жастағы жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды.  Петропавл қаласының тұрғынын өткен ақпан айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары қылмыс үстінде ұстаған болатын.
Одан 400 грамға жуық “тұз” деген атаумен белгілі синтетикалық наша табылды. Ал тұратын жерінен электронды таразы мен орама заттар тәркіленіп алынды.
Манағы аталған көлем аса ірі болып саналады екен. Жігіттің өткен жылдың қыркүйегінен бері біреудің тапсырысы бойынша синтетикалық есірткі жасырумен айналысып келгені белгілі болды. Петропавл қаласында ғана емес Қостанай облысында да зайға қайшы әрекет еткен. ҚР ҚК 297-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша мұндай қылмыс түріне 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жазаға тартылған жігіт байланыста болған интернет-дүкен бұғатталған.


Данаш Хамзина