МТРА жаңалықтары

Ыдыс-аяқ аламын деп алаяқтарға кез болған

Петропавл қаласының тұрғыны интернеттен ыдыс-аяққа тапсырыс беріп, 25 мың теңгесін төлеп қояды. Құны өтелгенімен тауардың өзі келмейді.
Содан нәзікжанды полиция қызметкерлеріне хабарласады. Анықтай келе, ыдыс-аяқ сататын компания жалған болып шығады. Ал қулар тікелей өздері әрекет етпей сатушы ретінде қостанайлық әйел адамды жалдаған. Қашықтан жұмысқа орналастым деп мәз болған нәзікжанды шындықты білгенде жағасын ұстапты. Ақырында алданып қалған петропавлдықтың ақшасы өзіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері интернет арқылы сауда жасау барысында аса мұқият болу қажеттігін ескертеді. Облыста 6 айда интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық фактісі тіркелген. Оның 90-ы тауар мен қызмет алуға қатысты.


Гульден Симбаева