COVID-19: Қазақстан

Коронавирусқа қатысты жағдай

Өткен тәулікте елордада 642 адам коронавирус жұқтырып алды. Эпидемиологиялық ахуалдың күрт өзгеруіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы “сары” аймаққа өтті.

Сонымен қатар, елімізде ауруға ең көп шалдыққандар арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Оңтүстік астанада 650 адам коронавирус жұқтырған. Дегенмен, Алматы қазіргі күні “жасыл” аймақта. Қалған өңірлер де “жасыл” зонада. Солтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ, өткен тәулікте тәж вирусын 16 адам жұқтырған.


Бердимурат Баймухан