МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 903 млрд теңге қарыз

900 млрд теңгеден астам сома. Дәл осынша көлемде қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына берешек.

Негізгі қарыз алушылар – жеке тұлғалар. Бүгінде ел азаматтарының аталған қаржы көздері алдындағы нақты қарызы 903,6 млрд немесе кредиттеудің 98,6%-ын құрап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан маусымға дейін есептегенде несие алғандардың 25,6 пайызы қырыздарын кешіктіріп өтеген екен. Бұл тізімде солтүстікқазақстандықтар мен батысқазақстандықтар бірінші қатарда тұр. Қазіргі таңда қоғамының кредитшіл болып кеткені ешкімге жасырын емес.
Қымбатшылық заманында біреу жалдамалы пәтер құнын төлей алмай қалған жағдайда, біреу өзге мұқтаждықтарына ақша қажет болса ең алдымен банкке қарай аяқ басады. Ол жерде өтініш қабылданбаса, микроқаржы ұйымдарына жүгініп жатады. Бірақ, бұл ұйымның пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары екенін бірі білсе, бірі білмейді.

Блиц:
– Микроқаржы ұйымдарына бірде-бір рет жүгініп көрмеппін. Естігенім бар. Қателеспесем, қарызға алған ақшаңды уақытында қайтармасаң 3 еселеп үстінен төлеу қажет.

– Бір рет тез арада ақша керек болып, микроқаржы ұймынан 15 мың теңге көлемінде қарыз алдым. 1 айдан кейін оны 18 мың 700 теңге қылып қайтарып бердім. Қазіргі қымбатшылық заманында осындай ұйымдардан несие алғың келмесе де жүгінуге тура келіп жатады.


Дана Ешкенова