МТРА жаңалықтары

Қайрат ауылына – 60 жыл

Биыл облысымызда бірнеше елді мекеннің тұрғындары кіндік қаны тамған жерлерінің мерейтойын атап өтті. Дүбірлі той осыдан бірер күн бұрын Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат ауылында да болды. Аталған ауылдың құрылғанына 60 жыл толып отыр. Елді мекен 1962 жылы совхоз болып құрылған екен. Мерейтойға орай Сілеті өзенінің бойында киіз үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылды. Сондай-ақ, түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақыртылған өнерпаздар әннен шашу шашты.


Бердимурат Баймухан