МТРА жаңалықтары

Құтқарушылар балаларға суда жүзуді үйретті

«Жүзіп үйрен». Петропавлдық құтқарушылар осындай атаумен балаларға арнап акция ұйымдастырып жатыр. Мақсат – балаға су жағасында әрі суда өзін ұстау тәртібін түсіндіріп, жүзуге үйрету. Барлығы – 20-дан астам жеткіншек жиналыпты. Сабақтың ұзақтығы – 2 сағат. Аптасына 2 рет өтеді. Балаларға дәріс беруші – құтқарушылардың өздері.

Гульден Симбаева