МТРА жаңалықтары

Жол-көлік апатында зардап шеккен скутерші ауруханаға түсті

 

Петропавлда көше қиылысынан өту ережесін бұзудың салдарынан биыл 9 көлік апаты болды. 16 адам зардап шекті. Жуырда Жамбыл мен Интернационал көшелерінің ортасында болған көлік апатынан 36 жастағы ер адам жарақат алды.

Ол скутермен келе жатқан. Қосдөңгелекті мен “Toyota RAV 4” автокөлігінің соғылуы және оның салдары бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.