МТРА жаңалықтары

Табунное көлінен өлі балық табылды

Тылсым құбылыс. Жамбыл ауданындағы Табунное көлінде 10 дана пелядь балығы өлі күйінде табылды. Су маржандарының қырылуына не себеп?
Балықтардың қырылу себебін анықтау үшін оқиға орнына табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары мен экологтар барып қайтты. Қазіргі күні аталған жайт бойынша көл суынан сынама алынып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады.

Гульден Симбаева