Спорт

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті

700-ге жуық мемлекеттік қызметшінің басын қосқан спартакиадада қай команда үздік атанды?

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 13-і мен 17-сі аралығында Петропавл төрінде мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өтті. Дүбірлі додаға еліміздің 16 облысынан келген 700-ге жуық маман спорттың 7 түрінен бақ сынасты. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп нәтижесінде 128,5 ұпаймен батысқазақстандықтар үздік атанды. Ақтөбе құрамасы жүлделі 2-ші орынды иеленді, ал 3-ші орын Павлодар облысына бұйырды.


Дана Ешкенова