МТРА жаңалықтары

Жеке нотариатқа – 25 жыл


Өңір нотариустары кәсіби мерекелерін атап өтті. Биыл Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының қабылданғанына 25 жыл толды. Осыған орай бүгін облыстың заң саласында еңбек ететін мамандар түрлі дәрежелі марапатқа ие болды.1997 жылы шілденің 14-сі күні «Нотариат туралы» заң қабылданды. Нәтижесінде заң тәжірибесінде алғаш рет «жеке нотариат», «нотариалдық палата» сияқты ұғымдар пайда болды. Рахия Балтабаева – 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті нотаруис. Өткен жылы зейнетке шыққса да сүйікті ісінен қол үзе алмаған. Бүгінде өз қызметін жалғастырып жатыр.

Рахия Балтабаева, нотариус:
– Жалпы, біздің міндетіміз – халыққа құқықтық көмек көрсету. Адамдардың мүддесін қорғау. 02:48 Бүгінгі күні мамандарға көптеген нотариалдық іс-әрекеттер жүктелген. Оның ішінде мұрагерлік, шарт куәландыру секілді қызметтер бар.

Кеш барысында,барлық мамандар құрметке бөленді. Бірі осы салада адал еңбек еткені үшін мерейтойлық медальмен марапатталса, енді біріне ҚР нотариатының дамуы мен нығаюына үлес қосқаны үшін құрмет грамотасы табысталды. Марапатқа ие болғандардың бірі – Зәуре Ыбыраева. Ол өмірінің басым бөлігін заң саласына арнапты.

Зәуре Ыбыраева, нотариус:
– Мен өзім осы салада кеңес үкіметі кезінен жұмыс істеймін. Ол кезде мен мемлекеттік нотариус болып қызмет еттім. Ал 99 жылы емтихан беріп жеке лицензия алдым. Көп нәрсе өзгерді. Бізде қазір электронды нотариат. Соның арқасында жұмысымыз жеңілдеді.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға 80 жеке нотариус қызмет көрсетеді. Оның 50-і шаһарда, ал қалғаны аудандарда жұмыс істеуде.


Дана Ешкенова