МТРА жаңалықтары

“Барс-Строй”-дағы тауарлар таңдай қақтырады

Тауар түрі көп, бағасы көңілге қонымды әрі сапасы жоғары. Петропавлда құрылыс материалдарын саудалайтын 4 бірдей “Барс-Строй” дүкені жұмыс істеп тұр. Соның бірі көтерме-сауда орталығы, халық арасында “ЦОТ” деп аталатын базар аумағында орналасқан.

Түсқағаздар, түрлі дизайндағы есіктер, линолеум, ламинат, сантехникалық жабдықтар, электр құралдары мен құрылысқа қажетті өзге де тауарлар. Бұл “Барс-Строй” дүкенінде сатылатын дүниелердің бір парасы ғана. Мұнда бау-бақшаға қажет бұйымдар да баршылық. Құрылыс материалдары көрші Ресей елінен жеткізіледі екен.

ОЛЬГА МУРЗИНА, “Барс-Строй” дүкенінің директоры:
– Облыс орталығының нарығында компания 20 жылдай жұмыс істеп келеді. Жыл сайын дүкендер желісін кеңейтіп, жаңа филиалдар ашылып жатыр. Бүгінде Петропавлда 4 бірдей “Барс-Строй” сауда орны бар. Тұрақты сатып алушыларға түрлі жеңілдік ұсынамыз. Демалыс күндері акция ұйымдастырамыз. Яғни, сенбі, жексенбі күндері сатып алушылардың барлығына 10 пайыз жеңілдік қарастырылған. Жаңа үй алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізгелі жатқандарға – 8, ал зейнеткерлерге 5 пайыздық жеңілдік ұсынамыз. Тауар құнын бөліп төлеуге де болады.

Нысанның мына бөлігінде еден жабындылары жайғастырылған. Линолеум, ламинат, ковролиннің түр-түрі бар. Эконом дейсіз бе, премиум кластағысы керек пе – қалтаның қалыңдығына қарай таңдап алуға болады.

Станислав Шафинский, “Барс-Строй” дүкенінің сатушы-консультанты:
– Дүкендегі еден жабындыларының түрі көп. Тіпті, іздеп жүрген тауарыңызға да тапсырыс беруге болады. 2 апта ішінде жеткізіп береміз. Біздегі ламинаттың бағасы 4 мың теңгеден басталады, ал линолеумнің әр шаршы метрінің құны 2 мыңнан басталып 5 мың теңгеге дейін жетеді. Әрине, одан да қымбаты бар. Оның сапасы аса жоғары болып саналады.

“ЦОТ” базарының ішінде тұрған “Барс-Строй” дүкені Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан. Қала тұрғындары мен ауылдан келген жандар үшін бұл өте тиімді. Себебі, үйге қажетті барлық дүниені бір жерден сатып алуға болады. Көлік қоятын орын іздемейсіз, жер жеткілікті. Жеке көлігіңіз болмаса, автобуспен де тез жетуге болады. Бұл жаққа бірнеше қоғамдық көлік қатынайды.

Александр Фомин – «ЦОТ» ЖШС директоры:
– Бір жыл бұрын көтерме сауда орталығы бұрынғы жерінен осы жерге көшіп келді. Бұл шешім тиімді болды дейді ойлаймын. Себебі, базар аумағы кең. Жалға алушылар мен тұрғындар таршылық көрмейді. Көліктер үшін де орын жетерлік. Базардан құрылыс материалдарынан бастап азық-түлік өнімдеріне дейін сатып алуға болады. Үйге қажетті ұсақ-түйек дүниелер де бар. Клиенттеріміз бізге риза.

Биыл көтерме сауда орталығына 25 жыл толады екен. Үйге қажетті тауардың барлығын тиімді бағамен солтүстікқазақстандықтар осы жерден сатып алады десек артық айтқандық емес. Базарға күн сайын келетін адам нөпірі көп. Ал оларға сауда орнында мың жарым адам қызмет көрсетеді.


Дана Ешкенова