МТРА жаңалықтары

Жұмыс орнында жарақат алу жағдайлары азайып келеді

 

Облыста өткен жылы жұмыс орнында 43 адам жарақат алып, оның 11-і қаза тапқан. Жарақаттанғандардың 25,6%-ы – әйел адамдар.
Мамандардың айтуынша 2020 жылмен салыстыратын болсақ, өндіріс орнында денеге зақым келу жағдайлары 14 пайызға кеміген. Өткен жылғы көңілге қаяу түсіретін статистикаға енгендердің жартысынан астамы – жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары. Ішінде мемлекеттік қызметшілердің алатын үлесі аз. Шетелдік кәсіпорындарда да мұндай жайттар жиі кездеспейді. Статистика көрсеткендей, жарақат алғандардың әр екіншісінің біліктілігі төмен. Олардың басым бөлігі ауыл, орман және балық шаруашылықтарында жұмыс істейтін көрінеді. Оқыс оқиғаның орын алуына көп жағдайда абайсыздық, жұмыс барысының дұрыс ұйымдастырылмауы, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болып жатады. 2021 жылы өндіріс орындарында болған келеңсіз жағдайларға қатысты 17,7 млн теңге материалдық төлем төленген.


Данаш Хамзина