МТРА жаңалықтары

Жидек теріп жүріп оққа ұшты

 

Жамбыл ауданында жаға ұстатарлық жағдай болды. Жайбарақат жидек теруге шыққан Бауман станциясының тұрғыны оққа ұшты. 49 жастағы нәзікжандының өліміне 65 жастағы ауылдасы кінәлі деп болжануда. Күдікті ұсталды. Айтуынша, ол винтовкасынан құсқа оқ атқан. Содан жаралы әйелді көрген кезде бірден көрші ауылдағы учаскелік полиция инспекторына хабарлаған. Оқиғаның қалай болғаны тергеп-тексеру барысында анықталады. Іс прокурорлардың қадағалауында.


Данаш Хамзина