МТРА жаңалықтары

СҚО-да көлік апатынан 64 жастағы ер адам қаза тапты

Бескөл ауылының тұсында болған көлік апатынан ер адам қаза тапты. 64 жастағы азамат аудандық ауруханада көз жұмды. 2 көліктің соқтығысуы салдарынан түрлі дәрежеде жарақат алған 7 адам қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр.

Аталған факті ҚР ҚК 345-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірнеше сараптама тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр. Жалпы, облыс аумағында алты айда 127 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 191 адам жарақат алып, 19 адам қаза тапқан.


Данаш Хамзина