Спорт

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада

 

700-ге жуық мемлекеттік қызметшінің басын қосқан спартакиада. Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық сайыс бастау алды.

Футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және қазақ күресі. Дәл осы спорт түрлерінен еліміздің түкпір-түкпірінен келген мемелекеттік қызметшілер сынға түспек. Араларында сонау Атырау облысынан келген білікті мамандар да бар. Олар бұл додаға жақсы дайындықпен келіп отыр. Жеңістен дәмелі.

Асқар Ақтаев, мемлекеттік қызметші, Атырау облысы:
– Бұл жарысқа жоғары деңгейде дайындалдық. Осында келу үшін іріктеуден өттік. Өзім тоғызқұмалақтан жарысамын.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиаданың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орыбасары Ғани Нығыметов қатысып, спортты дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Ғани Нығыметов, СҚО әкімінің орынбасары:
– Дені саудың – жаны сау! Мемлекеттік қызметшінің салауатты өмір салтын ұстануы қоғамға үлгі болуы тиіс. 16 өңірден келіп отырған мемлкеттік қызметшілерге өз атымнан алғысымды білдіремін.

Жалпы, мұндай республикалық деңгейдегі жарыс жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл еліміздің әр өңірінен келген мемлекеттік қызметшілер Қызылжар төрінде алғаш рет бас қосуда. Сондықтан, жергілікті өнерпаздар алыстан келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

АЗАМАТ ИМАШЕВ, спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары
– Бүгін Петропавлдың орталық алаңында республикалық спартакиада жалауын көтеріп жатыр. Дүбірлі сайысқа еліміздің 16 облысынан келген 700-ге жуық мемлекеттік қызметші қатыспақ.

Спорттың 7 түрінен сынға түсетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада жексенбі күні өз мәресіне жетпек. Дәл сол күні жарыстың жеңімпаздары анықталады.


Дана Ешкенова