Спорт

Құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан жарыс өтті

 

Аудандық полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мамандарынан жеңіліп қалды. Петропавлда құқық қорғау органдары арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Бұл – аталған сала мамандары арасында жыл сайын өткізілетін спартакиада аясындағы 5-ші спорт түрі. Дүбірлі дода “Динамо” стадионында ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпазы – ҰҚК өкілдері. Олар айыртаулық қарсыластарынан 4 те 3 есебімен басым түсті. Айыртау ауданының тәртіп сақшылары 2-ші орынға тұрақтаса, үздік үштікті қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тұйықтады. Жеңімпаздар кубок және грамотамен марапатталды. Тәртіп сақшылары спартакиада аясында алдағы күндері тағы 2 спорт түрінен сынға түседі.

Шоқан Асқаров , Айыртау ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкері

– “Бүгін ойын өте жақсы болды. Екі күн барымызды салып жүгірдік. Командамыз, бүкіл командалар жақсы болды. Қарсыластар жақсы ойын көрсетті”. 

Ерлан Қабдуәлиев, СҚО ПД АЖДБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

– “Жарысқа 12 спорттық қоғам қатысып жатыр. Оның төртеуі – аудандық полиция бөлімдері. Барлығы – 120 адам”.


Данаш Хамзина