МТРА жаңалықтары

Криминалистердің жұмысы

 

Қозыбаев университетінің студенттері мен жас полицейлерге полиция департаментінің криминалистикалық полигоны таныстырылды.

Полигон 10 жыл бұрын қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында құрылған болатын. Мұнда тіпті мұражай да бар. Онда қару-жарақ түрлері, алынған іздердің үлгілері, жалған құжаттар мен криминалистикалық техника сақтаулы тұр. Тәжірибе жинақтау барысында жас мамандар із бен заттай дәлелдеме алу, атыс және суық қаруды жіктеу, криминалистикалық есепті пайдалануға үйренеді. Жалпы, криминалистика – полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Сараптама нәтижелері күдіктілердің кінәлілігі мен кінәсіздігінің объективті дәлелі бола алады. Жыл басынан бері петропавлдық криминалистер 1300-ге жуық оқиға орнын тексеруге қатысыпты. Нәтижесінде 129 қылмыстың бетін ашуға септескен.

Дана Ешкенова