МТРА жаңалықтары

Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты

 

1 маусымда Қазақстан халқының саны 19 миллион 222 мыңға жетті. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығындағы табиғи өсім 103,3 мың адамды құраған. Тұрғындардың шамамен 11 жарым миллионы – қалалықтар. Тиісінше, қалған 40,4 пайызы – ауылдықтар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, елімізде адам саны 237,8 мың немесе 1,3 пайызға өскен. Республикада азаматтардан азаматшалардың қатары басым. Мұндай үрдіс Қазақстанда ондаған жылдар бойы сақталып тұр. Көші-қон мәселесіне келейік. 5 айда елге 6 мың 227 тұлға келген. Ал кеткендердің саны 9 мың 34 құрайды.

Байболат Култанов