МТРА жаңалықтары

Жер кадастры бойынша қызмет алу жеңілдей түсті

 

Жер кадастры бойынша қызмет алу жеңілдей түсті. Енді бір бума қағаз жинап, түрлі мекеме табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Тиісті қызметті коммерциялық қызметтер қабылдау секторынан алуға болады.

ДАНИЯР БЕКЕНОВ, “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ филиалы директорының орынбасары
– Коммерциялық қызметтерді қабылдау секторында жер мәселелері бойынша құжаттар қабылданады. Онда бәрі өңделіп барып, базаға енгізіледі. Құжат дайын болғаннан кейін клиенттің ұялы телефонына СМС хабарлама жіберіледі. Сосын ол осы жерден дайын болған құжатын алып кетеді.

Яғни, әртүрлі терезеге барып, құжат жинаудың қажеті жоқ. Барлығы бір терезеде орындалады.

ДАНИЯР БЕКЕНОВ, “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ филиалы директорының орынбасары
–  Өз кезегінде филиал құрылыс саласындағы, далалық, жобалық және топографиялық-геодезиялық жерлерді мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – бұл жер жобаларын дайындау, жер учаскесінің шекарасын белгілеу, аэрофототүсірілім жұмыстары және жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру. Сектор өз жұмысын бастағалы бері барлығы 700-ге жуық қызмет көрсетілген.

Алдияр Айтпаев