Коронавирустың жаңа толқыны қыркүйекте күш алмақ

COVID-19: Қазақстан

18:23 12 Шілде 2022

Карантин, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. 2 жыл ішінде бұның бәрі қарапайым нәрсеге айналды. Енді ғана жағдай тұрақталып, жағаны жайлауға жіберіп едік, эпидемиологтар дабыл қақты. Әлемде, оның ішінде Қазақстанда індет қайта бас көтерді.

САМАЛ ЖҮНІСОВА, тілші:
– Бүгінде әлем бойынша 6 млн-ға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылыпты. Көрші Ресейде екінші апта қатарынан дертті жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда жағдай мәз емес. Маусым айының ортасынан бастап елде науқастанғандар санының өскені байқалады. Алматы “қызыл” аймаққа жақындады. Әзірге, аққайыңдар өлкесі – “жасыл” зонада.

Бұған масаттануға болмайды. Жар астында жасырынған індет кез келген сәтте аяқтан шалып, алқымнан алуы мүмкін. Сол себепті, қазақстандықтарға шілденің 5-сінен бетперде тағуға кеңес берілді. Алдағы уақытта талап одан әрі күшеюі ықтимал. Сарапшылар пандемияның жаңа толқыны келе жатыр деп болжауда. Бұл ретте жерлестеріміз індеттен тиісті түрде қорғанып жүр ме екен?

блиц
– Естіп жатырмыз. Сақтану керек. Көпшілік жерге, тойларға бармаймыз. Үйде отырамыз.

– Алдыңғыдай болады деп естіп жатырмыз. Ондайды ойлағымыз да келмейді. Алдыңғыдай болмайтын шығар деп ойлаймын. Ел болып вакцинаны алып жатыр ғой.

– Әлемде не болып жатқанын білмеймін. Бірақ, бізде коронавирус жұқтырып жатқандар бар деп естідім. Өз басым кей кезде індеттің барына сенбеймін.

Осы сенімсіздік сан соқтырады. Дабыл қағылып, індетпен күллі әлем күресіп жатқанда кей жандар індеттің барына әлі иланбайды. “Бұл – өте қате ұстаным. Мамандардың кеңесіне құлақ асып, сақтану қажет”,- дейді жергілікті денсаулық сақтау саласының өкілдері.

ИРИНА ЛЕПЕГОВА, №1 қалалық емхананың учаскелік терапеві:
– Қиын кезеңде кей адамдар вакцинаның күшіне сенбеді. Соның салдарынан туған-туысқандарынан, достарынан айрылды. Қазір біздің емханада екпенің 3 түрі қойылады. Олар: Pfizer, QazVac мен Vero Cell. Иммундалған тұрғындардың барлығы 3 күн бойы дәрігердің бақылауында болады. Мамандар жерлестеріміздің денсаулығын, аллергиялық реакцияларын тексереді. Ал созылмалы аурулары бар адамдарға вакцина қойылмайды.

Мынандай дерекпен бөлісейік. Бүгінге дейін облыс тұрғындарының 80 пайыздан астамы екпенің толық курсын алған. Ал 170 мыңнан астам адам қайта егілген.

Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Соңғы екі аптада 34 мың отандасымыз коронавирус жұқтырған
27 мың қазақстандық тәж вирусынан емделуде
СҚО-да коронавирус жұқтырған 12 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр
Коронавирусқа қатысты жағдай
Елдегі эпидемиологиялық жағдай
Өткен тәулікте 1450 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Елдегі эпидемиологиялық ахуал
Өткен тәулікте коронавирус 8 солтүстікқазақстандықтан анықталды
Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы